Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар күн сайын цифрлық банкингпен 21,3 млн операция жүргізеді

Қазақстандықтар күн сайын цифрлық банкингпен 21,3 млн операция жүргізеді

Төлем картасымен алты айда 62,8 трлн теңгеге 5,3 млрд операция жүргізілген
Еліміздің төлем карталары нарығында өсім байқалады. Ұлттық банктің хабарлауынша, 2023 жылдың І тоқсанында Қазақстан банктерінің төлем карточкасын пайдаланушылар 73,5 трлн теңгеге 5,4 млрд операция жүргізді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Қаржы реттеушісінің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар күн сайын цифрлық банкинг арқылы 21,3 миллионнан астам операция жүргізеді.
«Қолма-қол ақшасыз операциялардың да көлемі өскені байқалады. 2023 жылдың 1-жартыжылдығында жеке тұлғалар Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларымен қолма-қол ақшасыз 62,8 трлн теңгеге 5,3 млрд операция жүргізді. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1,4 есе артық. Қолма-қол ақшаны шешіп алу операцияларының саны 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 7,6%-ға азайды», - деп атап өтті Ұлттық банк өкілдері.
Қолма-қол ақшасыз операциялар жүргізуде интернет-банкинг пен мобильді-банкинг – қазақстандықтар арасында өте жоғары сұранысқа ие тәсіл. Қолма-қол ақшасыз он операцияның тоғызы онлайн режимде жүзеге асырылады.
«Биылғы 1-жартыжылдықта қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы құрылымындағы онлайн операциялардың үлесі – саны жағынан 73,5%, ал көлемі жағынан 85,8% болды. Күн сайын цифрлық банкинг арқылы орта есеппен 297,7 млрд теңгеден астам сомаға 21,3 миллионнан көп операция жүргізіледі», - делінген хабарламада.
2023 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша, белсенді төлем карточкаларының жалпы саны – 36,4 млн бірлік (2022 жылғы маусым айымен салыстырғанда 20,4%-ға көп).
«Тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу инфрақұрылымы едәуір кеңейді. Төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 1,8 есе өсті (2023 жылғы маусым айында – 702 482 кәсіпорын)», - делінген хабарламада.
Кәсіпкерлердегі және банктердегі POS-терминалдардың саны 1,4 есе өсіп, 934,1 мың бірлікке жетті. Нарықтағы 90,7% POS-терминал QR-кодты пайдалану арқылы төлем жасау функциясын қолдайды.
28 шілде 2023 ж. 310 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930