Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысына 1,4 трлн теңге инвестиция тартылды

Қызылорда облысына 1,4 трлн теңге инвестиция тартылды

Фото: pixabay.com

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестицияларды тарту. Биыл жоспарланған 517,5 млрд теңге меженің 478,3 млрд теңгесіне 10 айда қол жеткізілді. Соңғы үш жылда 30,3 млрд теңгенің 35 инвестициялық жобасы іске қосылды, - деді ол.
Сондай-ақ Нәлібаев өңірге бекітілген индикатор соңғы екі жыл қатарынан артығымен орындалып жатқанын атады.
2022 жылы 373,5 млрд теңге индикатор белгіленген еді, атқарылған жұмыстар нәтижесінде жоспар 10,6%-ға артығымен орындалып, 413,3 млрд теңге болды. Ал өткен жылы 424,2 млрд теңге индикатор бекітіліп, жоспар 21%-ға артығымен орындалды, яғни 513,7 млрд теңге инвестиция тартылды, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Қызылорда көрсеткіштің өсу қарқыны, жоспарлы көрсеткіштің орындалуы бойынша өңірлер арасында І орынға шықты. Әкімнің айтуынша, өнеркәсіп саласының дамуына серпін берген шыны зауыты арқылы өндіріске 42 млрд теңге инвестиция тартылыпты.
Қажетті шикізаттар шетелден, әсіресе Ресейден, Өзбекстаннан тасымалдануда. Зауыт іске қосылғаннан бері 37,1 млрд теңгенің 28,7 млн шаршы метр шынысын өндірді. Өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа, 30%-ы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузияға және Ресейге экспортқа жіберіледі. Қазіргі таңда зауытта 400-ге жуық адам жұмыс жасап жатыр, - деді ол.
Айта кетейік, Сыр өңірінде жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалар қатарында “Болат Өтемұратов қорының” демеушілігімен салынған “Қорқыт ата әуежайының” жаңа терминалы бар. “Акса Энерджи” түрік компаниясының инвестициясына қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Бұған дейін Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығы ыстық сусыз отырғаны үлкен сын екенін атап өтіп, Қызылордаға ыстық су қашан келетінін айтқан болатын.
20 қараша 2024 ж. 232 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 213

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930