Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік кіріс қалай орындалуда?

Мемлекеттік кіріс қалай орындалуда?

Пандемияға байланысты биыл елімізде төтенше жағдай, карантиндік шаралар жарияланды. Көптеген сала жұмысында іркілістер болды. Оның үстіне мұнай өндіру көлемі төмендеуде. Уранды өткізу бағасы арзандаған. Көптеген бизнес құрылымдар салық төлемінен біршама уақытқа босатылды. Осы жағдайдың бәрі облыс экономикасына елеулі әсері болары сөзсіз.
Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингке облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орыновтың есебі­нен негізінен төмендеу көр­сеткіштері бойынша мәлі­мет­тер еститін болармыз деген ойлар шырмауында келге­ні­мізді несіне жасырамыз.
Жоқ, олай емес екен. Кері­сінше, көңіл қуантарлық цифр­лар легіне тап болдық. Жеті айдың қорытындысымен мем­лекеттік бюджет жоспары 106,4% орындалып, 4,070 млрд теңге артығымен қамтамасыз етіліпті (жоспар 63,459 млрд теңге, нақты орындалғаны 67,529 млрд теңге). Оның ішінде жер­гілікті бюджет жос­па­ры 123% орындалып, 5,717 млрд теңге артығымен қамтамасыз етілген (жоспар 25,255 млрд теңге, нақты 30,973 млрд теңге). Өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда жергілікті бюд­жет түсімінің өсу қарқыны 106%-ті құрап (1,712 млрд тең­ге артық) отыр. Облыстық бюд­жетке жоспарланған 6,375 млрд теңге орнына нақты 8,676 млрд теңге түсіп, жоспар 136% не­месе артығымен 2,301 млрд теңге қамтамасыз етілді. Ал рес­публикалық бюджет 96%-ті құрап, 1,647 млрд теңге кем қамтамасыз етілген (жоспар 38,203 млрд теңге, нақты 36,556 млрд теңге).
Департамент басшысы төтенше жағдайға байланысты ҚР Үкіметі тарапынан беріл­ген жеңілдіктерге сәйкес жо­ғал­тымдар орын алып, оның бюджет түсіміне кері әсері болатынын жеткізді. Ол екінші жартыжылдықта көрініс беріп қалуы мүмкін. Дегенмен, депар­тамент мемлекет кірісінің тө­мендемеуі бағытында барлық резервті іске қосатын бо­лады.
syrboyi.kz
16 тамыз 2020 ж. 638 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930