Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үлгілі елді мекен» жеңімпаздарына 29 арнайы техника табысталды

«Үлгілі елді мекен» жеңімпаздарына 29 арнайы техника табысталды

Қызылорда облысында Президенттің «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына" сәйкес жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатқа 18 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.
«Елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, әлеуметтік нысандар салу мен жөндеуге, мамандарды әлеуметтік қолдауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 18 млрд теңге бағытталды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша биыл 47 ауылда 216 жобаны жүзеге асыруға 12,4 млрд теңге бөлінді, 157 жоба іске қосылды. «Ауыл аманаты» жобасына қаралған 3 млрд теңге ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға бағытталуда», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Мұнан бөлек, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының 2,5 млрд теңге қаржысына жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде.
Аталған бағыттағы басты жаңалық – ауылдық елді мекендерді дамыту үшін облыста алғаш рет биыл «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілді. Конкурсқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Жеңімпаз 12 елді мекенге күнделікті тұрмысқа ең қажетті заманауи үлгідегі 29 арнайы техника берілді.
Конкурсты жыл сайын өткізу дәстүрге айналмақ.
07 желтоқсан 2023 ж. 432 0

1 сәуірге валюта бағамы

01 сәуір 2026 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930