Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Ауыл аманаты“: биыл Қызылорда облысында 575 жоба жүзеге асырылды

“Ауыл аманаты“: биыл Қызылорда облысында 575 жоба жүзеге асырылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде жасаған баяндамасында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

Ауылдардың мамандануын ескере келе, несие қаржысы 4 бағытқа (ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіншілік, мал шаруашылығы және түрлі жобаларға) бағытталып, 2023 жылы 3 миллиард теңгеге 406 жоба іске қосылып, 713 жұмыс орны ашылды.
"Биыл 4 миллиард 596 миллион теңгеге 575 жобаны жүзеге асырып 610 жаңа жұмыс орнын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 1 миллиард теңгеге 150 жоба қаржыландырылды", - деді Н.Нәлібаев.
Сырдария ауданының "Бесарық" ауылындағы "Абай Дәулет" ЖШС құрған өндірістік алаңда тұрғындардың 13 бизнес-бастамасы іске асырылып жатыр. Мұнда жартылай фабрикат, пластикалық ыдыстар, ағаш бұйымдар, тоқыма, сабын, кондитерлік өнімдер өндіретін цехтар ашылды. Озық тәжірибені кеңінен тарату үшін облыстың әр ауданындағы 3-4 ауылда осындай бизнес-инкубаторлар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Kaz Fries" зауытының қуаты сағатына 150 келіге дейін қуырылған картоп таяқшаларын өндіруге жетеді, дайын өнім мұздатылып, ішкі нарықта сатылады. Өсімдік, құс, мал шаруашылықтарымен, құрылыс тауарларын шығарумен айналысатын көпсалалы компанияның өндірістік қуатын одан әрі кеңейту жоспары бар. Дәл осындай жобаны облыстың барлық аудандарында жүргізу көзделуде.
Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал

20 қараша 2024 ж. 149 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930