Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табысты еселеген «Ауыл аманаты»

Табысты еселеген «Ауыл аманаты»

«Ауыл аманаты» бағдарламасының мақсаты қандай? Бағдарлама қалай жүзеге асырылады? Шарты оңайлатылған несие кімдерге тиесілі? Міне, осындай сұрақтар кәсіппен айналысқысы келетін азаматтардың көкейінде жүр.

Қаражатты ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, кәсіпкерлікті дамытуға бизнес-жобаларды кредиттеуге жіберу жоспарлануда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – микрокредит беру арқылы ауыл халқының табысын арттыру, ауылдық өндірістік кооперативтерге біріктіру мүмкіндігі. Табысы төмен халықтың санын азайту, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың, жұмыссыз отбасылар санын азайту.
Микрокредит алу кезінде қарыз алушының жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі немесе ауылдық өндірістік кооперативтің ашылуы, басқа кредиттер бойынша мерзімі өткен жарналардың болмауы, мемлекеттік кірістер органдары алдында берешектің болмауы міндеттеледі. Қарыз алушыларға несиені кепілмен қамтамасыз ету талаптары қойылады. Сонымен бірге қарыз алушының жасы зейнеткерлік жас­тан аспауы тиіс.
Қызылорда облысында «Байқоңыр» ӘКК» акционерлік қоғамы «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асырады. Жоба ұсынушы amanatnesie.kz веб-сайты арқылы электрондық өтінім бере алады. Өтінім 15 жұмыс күні ішінде қаралып, 5 жұмыс күні ішінде есептеу жүргізіледі.
Қаржыландыру сомасы бойынша ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы жеке кәсіпкерлер 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке, яғни 9,2 миллион теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтері 8 мың АЕК-ке немесе 29,5 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 процент. Несие мерзімі 5-7 жылға беріледі.
Кепілмүлікке тұрғын үй, пәтер, тұрғын емес ғимараттар, несие сомасы өтелмеген жағдайда қосымша кепіл ретінде жылжымалы мүлік және жер телімі қабылданады.
Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, ауыл шаруашылығы тауарларын өңдіру, өңдеу және жаңа өңдеу, егін шаруашылығы бағыттарына басымдық беріледі. Сонымен бірге мал шаруашылығы бағыты бойынша асыл тұқымды, құс, балық, ара шаруашылығы және бизнестің өзге де бағыттарындағы жобалар қошталады.
Өткен жылы «Ауыл аманаты» жобалық басқару жөніндегі кеңесімен скрининг нәтижелері сарапталған болатын. Соның нәтижесінде Қызылорда облысына 3 миллиард теңге бөлінді. Осы есеппен Қазалы ауданына 484,397 теңге қаржы бөлінген.
«Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның Несие комитеті отырысының қорытындысы ­бойынша, 2023 жылы тұрғындар тарапынан ұсынылған 68 жоба мақұлданды. Жалпы көлемі – 484,3 миллион теңгені құрайтын несие берілді. Жаңа жұмыс орнының 92-сі ашылды.
Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде барлық округ бойынша ауданға қажетті қаражат көлемін нақтылау үшін қайтадан скрининг өткізілді. Осы жылға бағдарлама аясында несиелендіру бойынша ауданға бөлінген лимиттің көлемі 698,1 миллион теңгені құрайды. Нәтижесінде, аудан бойынша 87 жоба жүзеге асырылып, 102 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтар үшін электронды ақпараттық жүйе әзірленді. Жеңілдетілген несие алып, кәсіп ашуды көздеген адамға тиісті өтінімді қашықтан беруге мүмкіндік бар.
Биылғы 29 тамыз күні Несие комитетінің отырысында аудан бойынша 94,5 миллион теңге болатын 15 жоба қаралды. Оның ішінде 68,7 миллион теңге болатын 11 жоба мақұлданып, қаржыландырылды. Алдағы уақытта қалған қаржыны игеру бойынша жұмыстар қолға алынуда.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
24 қыркүйек 2024 ж. 86 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031