Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ мектептерінде бірінші сыныпта орыс және ағылшын тілдері оқытылмайтын болды

Қазақ мектептерінде бірінші сыныпта орыс және ағылшын тілдері оқытылмайтын болды

Қазақстан мектептерінде бірінші сыныпта бірден үш тіл оқытылмайды. Осылай деп оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Министрдің сөзінше, бірінші сыныпта тек қазақ тілі оқытылады. Бала орыс және ағылшын тілін үйренбей тұрып ең алдымен ана тілінде оқып, жаза білуі керек. Министр бірінші сыныпта бірден үш тіл оқыған ауыр болады деп санайды.
"Екінші сыныптан бастап орыс тілі пәні енгізіледі, үшінші сыныпта ағылшын тілі оқытылады" деді министр.
Алайда орыс мектебіне баратын бірінші сынып оқушыларына екі пән - орыс және қазақ тілі қатар оқытылады.
Осыған дейін мектептерде бірінші сыныптан үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілі қатар оқытылатын. Ағылшын тілі пәні бірінші сыныпқа 2012 жылдан бастап енгізілген.
17 тамыз 2022 ж. 749 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 133

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 134

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 144

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031