Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев көктемгі су тасқынында көмек көрсеткені үшін Сербия халқына алғыс айтты

Тоқаев көктемгі су тасқынында көмек көрсеткені үшін Сербия халқына алғыс айтты

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичпен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Александр Вучичке ризашылығын білдіріп, Қазақстан президенті ретіндегі Сербияға алғашқы сапарының мәні ерекше екенін айтты. Сонымен қатар бұл сапар қазақ-серб қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық халықтар достығына, саяси диалог пен өзара қолдауға ұдайы арқа сүйейтінін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы жылдары Астана мен Белград экономикалық ықпалдастықты нығайту үшін нақты шаралар қабылдап, сауда және инвестициялық байланыстарды белсенді дамытып келе жатыр.

Орайлы сәтті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін Александр Вучич пен Сербия халқына алғыс айтты. Мемлекет басшысы мұны екі ел арасындағы шынайы достықтың жарқын көрінісі ретінде бағалады.

Александр Вучич екі елдің ынтымақтастығы өзара құрмет пен сенім негізінде дамып келе жатқанын атап өтті. Сербия Президентінің айтуынша, Белград Қазақстанмен экономикалық байланыстарды, соның ішінде сауда, инвестиция секілді басты бағыттар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті», - делінген Ақорда хабарламасында.

Александр Вучич Сербияның елімізбен саяси диалогты нығайтуға бейіл екенін растап, халықаралық аренадағы іс-қимылды үйлестірудің маңызына тоқталды.

Кездесуде мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Сербия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың перспективасын, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. Бұдан бөлек тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
19 қараша 2024 ж. 281 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930