Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қолайлы баға қойылсын": үкімет бидайды тікелей сатып алу құнын жариялады

"Қолайлы баға қойылсын": үкімет бидайды тікелей сатып алу құнын жариялады

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өту
Премьер-министр Олжас Бектенов бидайды тікелей сатып алу кезінде диқандар үшін қолайлы баға қоюды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда астықты тікелей сатып алу тетігі соңғы рет 2011 жылы болған. Содан бері 13 жыл өтті. Биыл астық көп жиналды. Осыған байланысты үкімет бидайды тікелей сатып алу жүйесін қолдануға шешім қабылдады.
"Азық-түлік корпорациясы фермерлерден астықты қолайлы бағамен тікелей сатып алсын", - деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал ауыл шаруашылығы министрлігі өзінің ресми сайтында тікелей сатып алу кезінде бір тонна бидай үшін төленетін ақшаның сомасын жариялады.
Тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша алдын ала бағалар:
3-класты бидай (желімтегі 27%+) – 90 000 теңге ҚҚС-пен;
3-класты бидай (желімтегі 25%+) – 80 000 теңге ҚҚС-пен;
3-класты бидай (желімтегі 23%+) – 75 000 теңге ҚҚС-пен;
4-класты бидай (желімтегі 21%+) – 65 000 теңге ҚҚС-пен;
4-класты бидай (желімтегі 18%+) – 55 000 теңге ҚҚС-пен;
5-класты бидай (желімтегі 18%+) – 50 000 теңге ҚҚС-пен;
2-класты арпа (натурасы 630 г/л) – 50 000 теңге ҚҚС-пен.
Астық алдымен шағын шаруа қожалықтарынан сатып алынады.
19 қараша 2024 ж. 155 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031