Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Былтырғыдан жоғары: астықты сатып алу бағасы жарияланды

Былтырғыдан жоғары: астықты сатып алу бағасы жарияланды

Қуаңшылыққа байланысты биыл астықтың барлығы ішкі нарыққа бекітілген баға бойынша жөнелтіледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі астықты сатып алу бағасын жариялады.
"Азық-түлік корпорациясы қазіргі нарық конъюнктурасына сәйкес нарықтық баға белгіледі, бұл ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге қуаңшылық пен өнімділіктің жалпы төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге мүмкіндік береді. Биыл астықты сатып алу бағасы өткен жылдың сатып алу бағасынан 24% - ке жоғары", - делінген хабарламада.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, биыл астықтың барлық көлемі ішкі нарыққа негізгі өнімдердің бағасын тұрақтандыру мақсатында бекітілген баға бойынша ұн зауыттарына, құс және мал шаруашылықтарына жіберілетін болады.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы форвардтық сатып алу шарттары бойынша астықты қайтаруды қамтамасыз ету үшін келесі бағаларды жариялады:

3-сыныпты бидай (дән маңызының 23%) – 103 000 теңге ҚҚС қосылған;
3-сыныпты бидай (дән маңызының 25%) – 105 000 теңге ҚҚС ҚҚС қосылған;
3-сыныпты бидай (дән маңызының 27%) – 107 000 теңге ҚҚС қосылған;
4-сыныпты бидай - 98 000 теңге ҚҚС қосылған;
5 сыныпты бидай - 90 000 теңге ҚҚС қосылған;
сыныпсыз бидай - 85 000 теңге ҚҚС қосылған;
2 сыныпты арпа - 87 000 теңге ҚҚС қосылған.

Бұған дейін министрлік астық түсімі 20 процентке төмендеуі мүмкін екенін, жиналатын астық көлемі 15 миллион тонна шамасында болатынын айтқан.
Ал егіншілер одағының болжамы тіптен көңіл көншітпейді. Олар егін шығымы биыл өткен жылғымен салыстырғанда 30 процентке төмен болады және фермерлер 10 миллион тоннаға жуық астық жинайды деп болжап отыр.
02 қыркүйек 2021 ж. 648 0

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 14

Доллар тағы арзандады

23 қаңтар 2026 ж. 182

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031