Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарапайым халық міндетті декларациялаудан босатылады

Қарапайым халық міндетті декларациялаудан босатылады

© Sputnik / Владислав Воднев
Үкімет президенттің ұсынысынан кейін 8 миллион қазақстандықты жалпыға бірдей декларация тапсырудан босатуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тоқаевтың ұсынысы бүгін үкімет отырысында талқыланды. Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінде автоматтандырылған салықтық бақылау мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты келесі кезеңге кіретін азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырудан босату ұсынылды.
Босату рәсімі осы санаттағы жеке тұлғалардың 90 пайыздан астамын қамтиды.
Бұл ретте декларациялауды келесі тұлағаларға қалдыру ұсынылады:
1.мемлекеттік қызметшілер;
2.коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары;
3.Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері барларға және 1 жыл ішінде сатып алғандарға;
4.бір жыл ішінде құны 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (74 млн теңге) астам сатып алулар жасағандарға;
5.өз бетінше салық салынатын табыс тапқандарға.
Бұдан басқа, азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы беріледі.
Салықтық бақылауға келетін болсақ, жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқордан, оның ішінде екінші деңгейлі банктерден мәлімет алу тетігі қарастырылады.
Қажетті заңнамалық түзетулер дайындалды.
19 қараша 2024 ж. 167 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 22

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 125

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930