Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан туризм саласында беделді марапатқа ие болды

Қазақстан туризм саласында беделді марапатқа ие болды

фото: Kazakh Tourism
Қазақстан туризм саласында беделді марапатқа ие болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Халықаралық Uzakrota Travel Awards сыйлығы Kazakh Tourism компаниясына берілді. Сонымен қатар, ол Сауд Арабиясы, БАӘ, Сербия, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Тайланд пен Ирландия мемлекеттерінің өкілдеріне елдің халықаралық туристік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін табысталды, деп мәлімдеді Kazakh Tourism.

Туристік индустриядағы маңызды шаралардың бірі Uzakrota Travel Summit 2024 халықаралық саммиті Ыстамбұлда өтті. Оның барысында туризм саласындағы нәтижелерге сәйкес, 40 аталым бойынша жыл сайынғы марапаттар табысталды. Жеңімпаздар сарапшылардың және кең аудиторияның пікірі негізінде анықталды. Қазақстан алғаш рет Uzakrota Travel Awards сыйлығымен марапатталды, – деп қосты ведомство.

Іс-шараға әлемнің 110 елінен 15 мың делегат қатысты. Kazakh Tourism саммитке қатысушыларға Қазақстанның туристік әлеуеті әрі инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

2025 жылы Қазақстан халықаралық EMITT туристік көрмесіне қатысады. Оның арқасында Түркиямен және басқа елдермен туристік байланыстарды нығайту жоспарланып отыр.

Түркия – ТМД елдерін есепке алмағанда, Қазақстанға келетін туристер саны бойынша екінші орында. 30 күнге дейінгі визасыз режим мен қос мемлекет арасындағы тұрақты тікелей рейстер келушілер қатарының артуына ықпал етеді. Биылғы бірінші жартыжылдықта елімізге келген түрік туристерінің саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артты, – деп толықтырды компания.

Бұған қоса, биыл халықаралық Lonely Planet баспасы Best in Travel рейтингінде Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға болатын үздік елдердің бірі ретінде анықтады.
18 қараша 2024 ж. 115 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930