Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда Kazakh tourism-нің алғашқы шетелдік өкілдігі ашылды

Үндістанда Kazakh tourism-нің алғашқы шетелдік өкілдігі ашылды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Үндістан астанасында Оңтүстік Азияның ең ірі халықаралық туристік көрмесі – SATTE ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми іс-шараға Үндістан туризмінің басшысы, Индонезияның Туризм және креативті экономика министрі, PATA Азия-Тынық мұхиты туризм қауымдастығының басшысы, Мәскеу, Беларусь туристік департаменттерінің басшылары және «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ Төрағасы Қайрат Сәдуақасов қатысты. Көрме аясында Kazakh Tourism компаниясының Үндістан нарығы бойынша өкілі тағайындалды. Қайрат Сәдуақасов тиісті сертификатты Salvia Promoters компаниясының басшысы Прашант Чодриге табыстады. Компания Орталық Азия мен Ресей нарықтарын ілгерілетуге маманданған. Әр жылдары Salvia визалық орталық және ілгерілету кеңсесі ретінде біздің аймақтың бірқатар қаласы мен елдерін таныстырып келеді.


Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

«Бұл – Қазақстан туризмін халықаралық деңгейде ілгерілетудің жаңа қадамы. Біз әлемдегі ең перспективалы туристік нарықтардың бірі саналатын Үндістанда өз өкіліміз болатынына қуаныштымыз. Алдағы уақытта бұл тәжірибені басқа да нарықтарда кеңейтуге ниеттіміз», - деді Қайрат Сәдуақасов.

Екі тарап Қазақстанға Үндістаннан туристік топтарды тарту, сонымен қатар көшпелі туризм нарығында Kazakh Tourism мүддесін таныстыру мақсатында серіктестікті дамыту туралы келісімге келді.

«Үндістан туристеріне Қазақстан туризмін таныстыру мен үшін үлкен мәртебе. Менің көп жылдық тәжірибем екі ел арасындағы туризмнің дамуына оң әсер етеді деп үміттенемін», - деп Прашант Чодри өз әсерімен бөлісті.

Тараптардың алғашқы бірлескен жұмысы – SATTE көрмесіне қатысу және биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында үндістандық тревел журналистердің Қазақстанға келуін ұйымдастыру. Мамандардың болжамы бойынша, Үндістанның көшпелі туризм нарығы 2026 жылға қарай 50 миллионнан астам туриске жетеді. Бұл ретте, Прашант Чодри 2026 жылға қарай Қазақстан жыл сайын 500 мыңға дейін үнді туристерін қабылдай алатынын жеткізді.
23 ақпан 2024 ж. 289 0

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930