Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жарты миллионнан аса адам қант диабетіне шалдыққан

Қазақстанда жарты миллионнан аса адам қант диабетіне шалдыққан

Фото: Halyq Uni
Бүгін әлем бойынша Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні атап өтіледі. Елімізде аталған дертке шалдыққан қазақстандықтардың саны жарты миллионнан асты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мереке БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесінде ресми түрде бекітілген. Биыл бұл күн «Кедергілерді жеңу, олқылықтарды жою» тақырыбында атап өтіледі, басқаша айтқанда қант диабетімен ауыратын адамдарды емдеуге және қолдауға теңдей қол жеткізу қажеттілігіне назар аударылады.
Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша, әлемде қант диабетімен ауыратын 500 миллионнан астам адам бар. Қазақстанда биылғы 1 қазанға қант диабеті диагнозы қойылған 516 мың 564 тұрғын тіркелген, оның 92,4%-ы немесе 486 853-і 2 типті ҚД-ның үлесіне тиесілі, 1-типті қант диабеті диагнозы 29 711 қазақстандықтан анықталды, – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Мамандардың айтуынша, диабет жай ғана ауру емес. Ол – мүгедектікке және тіпті өлімге әкелуі мүмкін елеулі қауіп. Соқырлық, бүйрек жеткіліксіздігі, жүрек-қан тамырлары аурулары, аяқтың ампутациясы сияқты бірқатар ауыр асқынуды тудыруы ықтимал.
Бұрын бұл ауру ересектерге тән болса, қазір өмір салтына байланысты балалар мен жасөспірімдердің арасында да жиі кездесетін болды.
Ақпаратқа сәйкес, ұлттық скринингтік бағдарлама аясында Қазақстанда жыл сайын шамамен 1,6 млн адам қант диабетін ерте анықтау үшін тексеруден өтеді, оның ішінде 10%-ында гипергликемия белгілері анықталады.
Қазақстанда қант диабеті диагнозы қойылған барлық пациенттер тегін ем қабылдап, консультациялық-диагностикалық қызметтер алады әрі дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Олар, сондай-ақ, 46 түрлі дәрілік препараттармен толық көлемде қамтамасыз етілген, оның ішінде бұл инсулиннің 20 түрі және медициналық бұйымдардың 14 түрі, – делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен бірге, көрсетілімдер болған жағдайда пациенттер қажетті стационарлық көмек алады. Өткен жылы қант диабетімен ауыратын 56 мың 933 пациент сонда емделген.
Дәрігерлер қант диабетінің ауыр зардаптарын болдырмаудың ең жақсы жолы алдын алу екеніне назар аударды. 2-типті қант диабеті мен оның асқынуларының алдын алу үшін келесі нұсқауларды орындаған жөн:
  • қалыпты дене салмағын сақтау;
  • күн сайын кем дегенде 30 минут физикалық белсенділікпен айналысу;
  • дұрыс тамақтану;
  • қант пен қаныққан майды тұтынуды азайту;
  • темекі шегуден толығымен бас тарту.
14 қараша 2024 ж. 57 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 63

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930