Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоғарғы Сот алданып несие алғандарды қорғау шарасын ұсынды

Жоғарғы Сот алданып несие алғандарды қорғау шарасын ұсынды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Жоғарғы Соттың халықаралық кеңесі банктер мен шағын несие ұйымдарына интернет-алаяқтардан зардап шеккендердің несиесі бойынша шешім ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Иконка комментария блок соц сети
Жоғарғы Соттың Халықаралық кеңесінің отырысында соттарда жасанды интеллектті енгізу және интернет-алаяқтықтан зардап шеккендердің мүдделерін қорғаудың тиімді тәсілдері талқыланды.

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында сот қателерін азайту және күрделі істер бойынша жұмыс істеуде ресурстарды босату үшін ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және роботтандыру арқылы сот процестерін жеңілдету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қазақстандық соттарда жасанды интеллекті мен робототехниканы қолданатын бірегей IT-өнімдерін қолдану туралы айтты.

Кеңес мүшелері Оксана Качалова, Кристофер Кэмпбелл-Холт, Куртис Мастерс және Айгүл Кенжебаева соттарда ақпараттық технологияларды қолдануды жақсарту жөнінде ұсыныстар жасады.

Екінші мәселе бойынша Жоғарғы Соттың судьялары Мәдениет Омарбекова мен Баян Тоқтарова интернеттегі алаяқтыққа қатысты істердің жыл сайын артып бара жатқанын атап өтті.

"Биыл 2022 жылмен салыстырғанда мұндай азаматтық істердің өсімі 270 пайыздан асты. Алаяқтардың ықпалымен жәбірленушілер банктік және микроқаржылық несиені өздері рәсімдейді, тіпті жылжымайтын мүліктерін сатып, ақшаны белгісіз адамдарға жібереді", - делінген хабарламада.

Биылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы абыройлы азаматтар зардап шегетін алаяқтық және соған байланысты құқық бұзушылықтармен күресу үшін шешуші шаралар қабылдауды тапсырды.

Судьялар Қылмыстық кодексте интернет-алаяқтық құрбандарының мүдделерін қорғауға қатысты тиісті бап болмағанымен, жәбірленушілерді қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістері бар екенін атап өтті.

"Азаматтық істер бойынша соттарға талап-қоюлардың екі санаты беріледі: "дропперлерден" негізсіз баюды өндіру туралы және азаматтардың банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарсы талаптары. Осылайша, егер сотта оны алу негіздерін растамаған "дропперлер" деп аталатындардың шоттарына ақша түскені дәлелденсе, онда олар алынған негізсіз баюды қайтаруға міндетті. Биылғы жылдың басынан бері Жоғарғы Сот әзірлеген бұл практика, азаматтардың алаяқтық схемаларға қатысуын болдырмауға көмектеседі", - делінген хабарламада.

Жиынға қатысушылар электрон төлем құралдарын пайдалана отырып несие беру саласындағы жауапкершілікті арттыру арқылы қылмыстық заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.

"Сондай-ақ, заңнамаға онлайн-несие беру кезінде міндетті биометриялық аутентификация және зейнеткерлер мен халықтың осал топтары үшін шектеулер туралы түзетулер ұсынылып отыр", - делінген хабарламада.

Халықаралық кеңес әзірлеген ұсынымдар уәкілетті органдарға жіберіледі.
12 қараша 2024 ж. 68 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031