Қазақстанда сот жүйесі цифрландырылады
Мамандар бұл сотқа жүгінген халықтың уақытын үнемдеп, жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды деп отыр.
Реформалар жайыл Семейде өткен "ҚР процестік заңнамасы: түсіндіру, қолдану практикасы және жетілдіру мәселелері" тақырыбындағы сот жүйесі мамандарының III халықаралық форумына айтылды. Оған жұмыс сапарымен Семейге келген Жоғарғы Соттың төрағасы, Асламбек Мерғалиев қатысты. Жиында Елімізден бөлек Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Әзірбайжан елдерінен келген ғалымдар мен сарапшылар, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Елімізде соңғы кезде процесуалдық заңдарға көптеген өзгерістер енгізіліп жатыр. Реформа халықтың сотқа деген сенімділігін арттырып, судьялардың жауапкершілігін күшейтпек.
-Мемлекет басшысы Қазақстандағы экономикалық блокты дамыту жөнінде, салық және бюджет саясатын өзгерту жөнінде, ІТ технологияларды қолдану, жасанды интеллектті дамыту жөнінде айтқан болатын. Соның аясында бүгін біз негізінде процесуалдық заңдарға өзгеріс енгізіп, ол жердегі бюрократиялық кейбір нормаларды өзгерттік-дейді ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев.
Семейге жұмыс сапары барысында Жоғарғы Соттың Төрағасы облыстық сот ғимараты салынып жатқан жерге капсула салу рәсіміне қатысты. 7 мың шаршы метрден асатын аумақтағы 4 қабатты нысан құрылысы келер жылы аяқталмақ.