Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінде жаңа нысан қолданысқа берілді

Сыр елінде жаңа нысан қолданысқа берілді


Құрметті қызылордалықтар!
Бүгін Сыр елінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен, ҚР Премьер-министрі Олжас Абайұлы мен Көлік министрі Марат Кәрімжанұлының қатысуымен кейінгі жылдары жүзеге асқан аса ірі инфрақұрылымдық жобаның бірі – «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы ашылды.
Терминалдың ашылу рәсімінде Олжас Абайұлы қызылордалықтарды құттықтап ізгі тілегін айтты.
– Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы келдім. Бәріміз көптен күткен сәт – ғарыш әлемінің қақпасы орналасқан аймақта жаңа терминал ашылуда. Бұл – облыс жұртшылығы үшін ғана емес, еліміз үшін де маңызы зор оқиға.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Сыр еліне ықыласы ерекше. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы терминал құрылысын көріп, нысанның халықаралық стандарттарға сай болуы керектігін қатаң тапсырған болатын. Екі жылға жақын уақыт ішінде заманауи үлгідегі, жайлы, көрікті ғимарат бой көтерді. Құрылысқа атсалысқан барша азаматтарға алғысымды айтамын, – деді Олжас Абайұлы.
Жылдар бойы өңірдің әуе қақпасы бейімделген нысанда болып келгендіктен, тұрғындар да жаңа терминалдың ашылуын тарихи оқиға ретінде бағалауда. Жерлестерімді жаңа нысанның қолданысқа берілуімен шын жүректен құттықтаймын!

Халықаралық стандарт талаптарына толық жауап беретін, жолаушыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған жаңа терминал «Болат Өтемұратов қорының» қаржысына салынды. Ал сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлдік.
Өңірде әуе тасымалына сұраныс жылдан-жылға артып, жолаушылар мен жүк ағымы ұлғайды. Жаңа терминал аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестициялық тартымдылығына, туризмнің өркендеуіне оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Сапар барысында Олжас Абайұлы бастаған Үкімет делегациясы Сырдария ауданы, Бесарық ауылының тыныс-тіршілігімен танысты. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Абай Дәулет» ЖШС салған, «Ауыл аманаты» бағдарламасының жобалары орналасқан шағын өндірістік алаңды көрді. Мұрат Сәрсенбаев басшылық ететін компания 2018 жылдан бері ауылды дамытуға 1,5млрд теңгеден астам қаржы жұмсады.
«Ауыл аманаты» – ауыл тұрғындaрының әл-aуқaтын жaқсaртуға ықпал еткен сәтті жоба. Өткен жылы 3 млрд. теңгеге 406 жоба несиелендіріліп, 713 жаңа жұмыс орны ашылды. Тарқатып айтсақ, 275 адам жаңадан кәсібін ашты, 438 адам қосымша жұмысқа тартылған, 33 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 716 млн. теңге, 373 жеке кәсіпкер 2 284 млн. теңге қаржы алды.
Үкімет делегациясы «Жан-Арай» агро-индустриялық кешенімен, «Қазгермұнай» БК ЖШС демеушілік қаражатына жаңадан бой көтерген Оқушылар сарайының жұмысымен де танысты.
Өңірде қолға алынған жұмыстардың барлығы Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауы арқасында атқарылуда. Сыр елінің қалың жұртшылығы атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына барлық бастамаларға, жобаларға зор қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Егемен еліміз, қастерлі Отанымыз өркендей берсін!
12 қараша 2024 ж. 56 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031