Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жаңа әуежайдың іргетасы қаланды

Қызылордада жаңа әуежайдың іргетасы қаланды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ел ағаларымен бірге жаңа әуежайдың іргетасын қалау рәсіміне қатысып, жерлестерін береке мен бірлікке бастайтын «Көрісу күні» – Амал мерекесімен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр еліне деген қолдауымен аймақта берекелі істер атқарылуда. Облыс орталығында қала көркін еселеп, ажарын айшықтай түсетін бірқатар зәулім ғимараттың іргетасы қаланып, әлеуметтік нысандарды салу сәтті жүзеге асуда. Өздеріңізге белгілі, әуе қатынасы – өзінің ерекшелігімен үлкен сұранысқа ие, серпінді дамып келе жатқан саланың бірі. Жолаушылар және жүк ағымын ұлғайту, қызмет сапасын жақсарту үшін әуежайдың жаңа терминалын салу жөнінде шешім қабылданып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жаңа терминал жеке инвестор Болат Өтемұратов қорының қаржысы есебінен салынуда.
Әкімдік әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жетілдіріп, терминал аумағын абаттандыратын болады. Жаңа терминалда жолаушыларға халықаралық стандарт талаптарына сай барлық жағдай қарастырылған. Аталған жоба өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Әуе көлігі қызметін халықаралық деңгейге жеткізуге, авиациялық қауіпсіздікті күшейтуге, жаңа әуе бағыттарының ашылуына мүмкіндік артады. «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ежелгі Сыр жеріндегі заманауи әуе айлағы әрі Қызылорданы көріктендіре түсетін тағы бір айтулы нысан болатынына сенімдіміз», – деді аймақ басшысы.
Іс-шара барысында қоғам қайраткері, Арал, Жалағаш, Қармақшы аудандары және Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Биғали Қаюпов жерлестерін жаңа нысанның құрылысы басталуымен құттықтады. Қоғам қайраткері, Құрмет» орденінің иегері, Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» Ибрагим Әбибуллаев жұртшылыққа бата берді.
Айта кетейік, жаңа әуежай ғимаратының жалпы аумағы 7,5 мың шаршы метрден астам, жалпы құны 31 млн. АҚШ долларын құрайды. Нысан пайдалануға берілген кезде көлік саласының көрсеткіштері бірнеше есе артпақ. Қазір жылына 1400 рейс орындалса, 2025 жылға қарай рейс саны 3000-ға жетеді деп күтілуде. Тасымалданған жолаушы саны 260 мыңнан 500 мыңға дейін ұлғаяды. Ал, жүк тасымалы 150 тоннадан 300 тоннаға дейін артады деп межеленуде.
Құрылыс кезінде 600-ден астам адам жұмыспен қамтылады, аяқталғаннан кейін 64 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады.
Еске салсақ, биыл Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты елді мекендердегі 236 көшеге орташа жөндеу жүргізу үшін 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның ішінде 99 көшеге асфальт және 137 көшеге тас төсеу жоспарлануда.
Жолаушылар тасымалын жақсарту үшін 2022 жылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингке жаңа үлгідегі 150 автобус алынды. Биыл 1 млрд. 434 млн. теңгеге тағы 150 автобус сатып алуға қаржы бағыттау үшін тиісті құжаттары рәсімделуде.
15 наурыз 2023 ж. 302 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930