Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денис Тен туралы кітаптың электронды нұсқасы жарияланды

Денис Тен туралы кітаптың электронды нұсқасы жарияланды

«Біздің Денис» кітабының электрондық нұсқасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР Ұлттық кітапханасы қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қаза табуына байланысты «Біздің Денис» деп аталатын кітап шығарды.
Кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сондай-ақ ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген. Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әр түрлі іс-шаралардан естелік фотосуреттері, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері бар.
26 шілде 2018 ж. 1 287 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930