Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райы болжамы: бүгін еліміздің қай өңірлерінде қар жауады

Ауа райы болжамы: бүгін еліміздің қай өңірлерінде қар жауады

Фото: elements.envato.com
Синоптиктер 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК болжамынша, Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Батыста, солтүстікте, облыс орталығында жел 15-20 м/с.
Ақмола облысында күндіз қар жауып, түнде және күндіз бұрқасын болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз 23-28 м/с болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 30 м/с және одан да асып түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыста, Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Шығыстан оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде тұман, көктайғақ болады.
Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі; Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында желдің күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кей жерлерде 30 м/с және одан да көп жел соғады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с жел соғады.
Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

09 қараша 2024 ж. 100 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 63

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930