Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Несібе көзі – Наубайхана

Несібе көзі – Наубайхана

Осыдан он сегіз жыл бұрын ең алғашқы болып, Қазалы қаласында наубайхана ашқан Омар Мырзағұлдың есімі қала тұрғындарына етене таныс. Тіпті көпшілігі әлі де арнайы атауы болса да «Омардың наубайханасы» деп атап кеткен. Дәмді нан, тәтті тоқаштарымен танымал нау­байхана бүгінгі күні де халыққа өнімдерін ұсынып келеді.

– Марқұм жолдасым Омар әуелден кәсіпкер еді. Қостанай қаласына қатынап, ұн-жем таситын. Сол уақыттарда кентте бір қонақ үйдің ішінде «лепешка» нан жасайтын наубайхана бар еді. Солардан лепешка алып жүрдік. Бір күні иесі құрал-жабдықтарын сатамын депті. Жолдасым: «Сенің саудаң күшті, мен алайын» деп қызығушылық танытады. Солай Қазалы қаласынан бұрынғы гарфоның орнын жалға алып, пештерді әкеліп қосып жұмыс бас­тап кетті. Ең басында кенттегі базарға таратып жүрдік. Қазір өзара келісім орнатқан он бес шақты дүкеніміз бар соларға таратамыз. Осы қаладағы «Ақерке», «Өрімтал» балабақшаларын нан өнімімен қамтамасыз етеміз. Былтыр кәсіпті кеңейту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алдық. Мемлекет кәсіпкерге немесе кәсіп бастаймын деген жанға көп қолдау көрсетіп отыр. «Ауыл аманаты» жобасының да халыққа берері көп. Игілігін көріп отырмыз, – дейді кәсіпкер Лиза Мырзағұлова.
Наубайхана иесі қол жеткізген қаражатына газ пеш, қамыр илейтін, қалып, тоңазытқыш алған. Наубайхана екі ауысымда 24 сағат жұмыс жасайды. Кәсіпкер алты адамды жұмыспен қамтып отыр.
Аз-кем әңгіме өрбіткеннен кейін наубайхана ішіне бас сұқтық. Ыстық нанның жағымды иісі тәбетті ашып барады. Тап-таза цех ішінде қарбалас тірлік. Наубайшылардың бірі иленген қамырды өлшеп, бөліктерге бөліп жатыр. Енді бірі қалыпқа салынған көмештерді пешке қоюда. Пештен жаңа ғана шыққан нандар арнайы қаптамаларға салынып, дүкендерге жөнелтуге дайын тұр. «Бірнеше жылдан бері осында еңбек етемін. Жұмыс үйренген адамға оңай. Әйел адам болғандықтан түрлі тәттілерді пісіруге әуелден-ақ ептімін. Осында келген соң күнделікті жұмысыммен қатар біраз дүние үйрендім» дейді Гүлдәрі Есенжолова
Күніне шамамен 500-600 нан дайындайтын наубайханада көмеш, батон, жүрек нан, булочка, лепешка, лакомка шығарылады. Көбіне тапсырыс бойынша жұмыс жасайды. «Нанды артық шығару тиімсіз. Уақыты өткен өнімді сатып, елдің сенімін жоғалтпау біздің басты мақсатымыз. Нанды арнайы пеште пісіреміз. Қауіпсіз әрі экологиялық таза. Тазалыққа аса көңіл бөлемін. Қыздарыма күніне екі мезгіл тазалауды міндеттегенмін. Өйткені ас пісетін жер таза болуы керек. Бізде бәрі талапқа сай. Нан пісіру оңай шаруа емес. Келешекте отбасылық кәсіптің көкжиегін кеңейтуді мақсат етудеміз», – дейді кәсіпкер Лиза Мырзағұлова.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
09 қараша 2024 ж. 174 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 67

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930