Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұшпара цехын ашып, кәсібін жандандырды

Тұшпара цехын ашып, кәсібін жандандырды

Өткен жылы Қазалы ауданында кәсіп ашуға ниетті 225 азаматтың өтініші қабылданған. Өз ісін дөңгелетуге атсалысқан азаматтардың көбісі тұшпара цехын, наубайхана және қолөнер орталықтарын ашқан.

Тұшпара цехын ашып, ісін бастаған Бақытгүл Айнияз Қазалыда тұңғыш рет осы кәсіпке жан бітіріп отыр. Цехтың жұмысы өткен жылы бастау алған. Ол «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында 500 мың теңгенің грантын жеңіп алған. Бүгінде кәсіпорын жұмысы Жанқожа ауылын түгел, яғни 1670 тұрғынның сұранысын қанағаттандырып отыр.

- Біздің цехымызда бірнеше қызметкер жұмыс атқарады. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қызметке алынған жұмысшымыз да бар. Цехта дайындалатын өнімдеріміздің сапасы жоғары. Тұшпараны қолмен түйіп, іске асырамыз. Бірақ алдағы уақытта арнайы аппарат алып, жұмысты жандандырамыз деген ойымыз бар,-дейді кәсіпкер Бақытгүл Айнияз.

Айтып өту керек, бүгіне ауданда 4302 кәсікерлік нысандары тіркелген. Оның 3760-ы тұрақты іс жасауда.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
18 шілде 2019 ж. 1 557 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930