Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде елуден асқан ерлердің денсаулығы тексерілмек

Елімізде елуден асқан ерлердің денсаулығы тексерілмек

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылдан бастап ерлерге арналған медициналық скринингтің басталатынын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: istockphoto.com

Министрдің айтуынша, көптеген ересектер үшін мүгедектіктің негізгі себептері – жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкология.

«Келесі жылы біз 50 жастан асқан ер адамдарда инфаркт пен инсульт қаупі жоғары топтарда жүрек-қан тамырлары қаупін ерте анықтау жобасын бастаймыз. Неғұрлым ерте анықталса, асқынулардың алдын алу және денсаулықты сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болмақ», деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша профилактикаға назар аудару және тұрақты тексерулер ғана көптеген аурулардың алдын алуға септігін тигізеді.

«Скринингтен өтіңіздер, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар. Бұл – сіздердің әл-ауқаттарыңызға және отбасыларыңыздың болашағына қосқан үлестеріңіз. Дәрігерлердің еңбегі мен сіздердің денсаулықтарыңызға назар аударуларыңыздың арқасында біз ортақ мақсатқа – сау және белсенді қоғамға барамыз. Денсаулық – біз бірге күтетін құндылығымыз екенін есте сақтау маңызды», деді Ақмарал Әлназарова.

08 қараша 2024 ж. 76 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 64

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930