Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2025 жылы бірнеше медициналық анықтама электронды түрде беріледі

2025 жылы бірнеше медициналық анықтама электронды түрде беріледі

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
Келесі жылдан бастап кейбір медициналық анықтамалар қағаз түрінде берілмейді, олар электронды форматқа ауыстырылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ербол Оспанов мәлім етті.

«Келесі жылдан бастап 8 медициналық анықтама, оның ішінде науқас парағы және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде беріледі. Енді пациенттерге қағаз анықтамаларды өзімен бірге алып жүру қажеттігі жоқ. Азаматтардың келісімімен электронды анықтамалар талап етілген мекемелерге жіберіледі. Аталған қызметтерді электрондық форматқа көшіру үшін қазіргі уақытта «Амбулаториялық-емханалық көмек» АЖ арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, азаматтар жеке басына қатысты медициналық деректерді «EGOV mobile» мобильді қосымшасындағы «eDensaulyq» бөліміне кіріп, қол жеткізе алады.

Келер жылдан бастап төмендегі медициналық анықтамалар электронды форматқа көшіріледі:

- Науқас парағы;

- 075/у медициналық анықтама;

- 026/у дәрігерлік-консультативтік комиссия қорытындысы;

- 073/у көлікті басқаруға рұқсат туралы анықтама;

- 069 / у «шипажай-курорттық карта;

- 052-2 / у баланың денсаулық паспорты;

- 076 / у қаруға рұқсат алу;

- 038 / у еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама.

Айта кетсек, бірер күн бұрын Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова енді дәрігерлер қателігі үшін шығынды өз қалтасынан төлемейтінін айтқан еді.
08 қараша 2024 ж. 276 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930