Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттік билеттер электронды форматқа ауыстырылды

Студенттік билеттер электронды форматқа ауыстырылды

Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінде студенттік билеттер электронды форматқа ауыстырылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім еткендей, құжат «eGov» сайтында және «eGov mobile» мобильдік қосымшасында қолжетімді. Жеке электрондық құжаттарды сақтау бойынша «Цифрлық құжаттар» сервисі «eGov mobile» электрондық үкімет қосымшасының басты бетінде орналастырылған. Студенттің басқа да жеке құжаттарымен бірге электронды студенттік билеті осы сервистің ішінде орналастырылған. Мобильді қосымшаны Google Play және AppStore арқылы жүктеп алуға болады. Қосымшада ЭЦҚ немесе бірреттік құпия сөз арқылы авторизациядан өту қажет. «Барлық жоғары оқу орындары мен колледждер қағаз түріндегі студенттік билеттерге қыруар қаражат жұмсайды. Орташа есеппен әрбір студенттік билет 1000-1200 теңге тұрады. Студенттік жеңілдіктерді пайдалану барысында қағаз құжаттардың шынайылығын растау қиындық тудырып жататыны белгілі. Ал «eGov mobile» мобильді қосымшасында құжаттың шынайылығын электрондық үкімет растайды. Сондықтан студенттік билеттерді сандық форматқа ауыстыру ақша үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар студент мәртебесін растау кезінде ыңғайлы болып табылады», - деді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.
24 желтоқсан 2020 ж. 2 740 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 144

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031