Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бизнестің кадр даярлау ісіне ынтасын арттыруымыз керек – Олжас Бектенов

Бизнестің кадр даярлау ісіне ынтасын арттыруымыз керек – Олжас Бектенов

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Бизнестің кадр даярлау ісіне ынтасын арттыруымыз керек. Бұл туралы «Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес» форумында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

«Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Жұмысшы кадрлар — еліміздің тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуына негіз болатын басты өндіруші күш, негізгі адами капитал. Кәсіби білім беру мен бизнестің әріптестігі кеңейіп келеді. Бүгінгі таңда 9 мыңнан стам кәсіпорын дуалды оқыту жүйесіне атсалысуда. 518 компания 410 колледжді өз қамқорлығына алған. Алайда Қазақстан экономикасының ауқымына салсақ, бұл көрсеткіш жеткіліксіз екені түсінікті. Біз бұдан әрі де бизнесті кадрларды даярлау және қайта даярлауға тарта ісіне ынталандыра түсуіміз керек. Осыған байланысты кәсіп иелерін кадрлық сапаға мән беруге шақырамын. Студенттерге тәжірибеден өту алаңын ұсыну және ЖОО бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша тиімді жүйе қалыптастыру жолында шараларды қолға алу керек. Әлемдік тәжірибеде қолданылатындай, жұмыс орындарын квоталау – бұл мәселеде тиімді тәсіл болуы мүмкін», - деді Үкімет басшысы.


Сондай-ақ Олжас Бектенов салалық өнеркәсіптік білім беру кластерін құру арқылы кадрларды даярлаудың желілік формасын дамыту керектігін атап өтті.

«Біздің мақсат – бизнес өзінің идеяларын жүзеге асыра алатын, кеңейіп, дамып, өз болашағына инвестиция құя алатын экономика жасау. Бұл тұрғыда әр кәсіпкер мемлекеттік органдардың ашықтығына және керек кезде шұғыл әрекет ете алатынына сенімді болуы маңызды. Жаһандық сын-қатерлер мен технологиялық прогрес заманында біз бизнесті қолдау механизмдерін жетілдіріп қана қоймай, ел экономикасын белсенді түрде әртараптандыру керегін түсінеміз», - деді премьер-министр.


Форум барысында Премьер-Министр елге жанашырлық танытқан кәсіпкерлерге алғыс айтты.

Сондай-ақ елімізде отандық тауарлардың және тауар өндірушілердің бірыңғай ашық реестрі әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Одан бөлек, әзірленіп жатқан «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ТҮКШ саласына 10 триллион теңге инвестиция тартылатынын атап өтті.

Айта кетейік, кеше елордада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XXII съезі өтті. Онда отандық кәсіпкерлердің қордаланған сұрақтары талқыланып, 204 маңызды мәселе Үкіметке жолданатын болды.
08 қараша 2024 ж. 80 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 55

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 83

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031