Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қонақ үйлердің баға саясатына шағым көп – Олжас Бектенов

Қонақ үйлердің баға саясатына шағым көп – Олжас Бектенов

Фото: Kazinform
Туристер тарапынан қонақ үйлердің баға саясатына қатысты шағым көп. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.
Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтан:
«Туризм саласының дамуы қонақ үй қызметінің сапасына тікелей байланысты. Ол түсінікті. Қазір ондағы баға саясаты мен орын мәселесіне қатысты шағым көп түсіп жатыр. Осы мәселелерді қашан және қалай реттейміз?», - деп сұраған еді.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Ермек Маржықпаевтың айтуынша, министрлік мүдделі тараптармен бірге үздік халықаралық тәжірибені зерделей отырып, қонақ үйге туристерді орнастыруды жіктеу жүйесінің жобасын әзірлеген.

«Бұл жүйе келушілердің қанағаттану деңгейін арттыруға кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, инвесторларды, халықаралық қонақ үй иелерін тартуға және өзге де шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Жүйені іске асыру бүгінде Парламент депутаттары қарауында жатқан заң жобасы аясында енгізілетін өзгерістер негізінде қолға алынады», - деп жауап берді министр.
14 мамыр 2024 ж. 387 0

Алдын алу – басты міндет

03 қаңтар 2026 ж. 188

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031