Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылы 4 баладан көп отбасына жәрдемақы қалай төленеді

2020 жылы 4 баладан көп отбасына жәрдемақы қалай төленеді

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кәмелетке толмаған 4 баласы немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беру жоспарлануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әлеуметтік көмек бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру сұрақтары бойынша өткен мәжілістегі үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Аталған жәрдемақы отбасы кіріс есебіне қарамастан, сараланған бағада берілетін болады: 4 балалы отбасы - 42 496 тг, 5 балалы - 53 127 тг, 6 балалы - 63757 тг, 7 балалы - 74 388 тг.
Әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа түрі квартал сайын мекен-жай бойынша көмек көрсетуді тағайындау арқылы, межелі критерийді сақтау арқылы - күнкөріс көзінің сомасы бойынша әр отбасы мүшесінің жан басына шаққандағы кірісі 70 пайыздан кем болмауы керек, отбасы мүшелеріне көрсетілетін көмек көлемі жан басына шаққандағы кіріс пен кедейлік шегі бойынша анықталады, еңбекке жарамды азаматарға талапты күшейту, олар жұмысқа тұрмаған жағдайда әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. 3-7 күн бойы отбасының материалдық жағдайы зерттеледі, бұл процессте комиссия мүшелерінің жұмысын күшейтіледі.
"Әлеуметтік көмек көрсету барысында жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларға, оның ішінде 1-6 жас аралығында азық-түлік пен гигиеналық заттар, 6-18 жас аралығында мектепте ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп формасы, одан бөлек жол шығындарын өтеу көзделген. Медициналық көмек, стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмек негізінде жүзеге асады", - деді Біржан Нұрымбетов.
09 желтоқсан 2019 ж. 1 130 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 202

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 171

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930