Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда дене шынықтыру пәнінен жаңа мектеп бағдарламасы сынақтан өткізіледі

Қазақстанда дене шынықтыру пәнінен жаңа мектеп бағдарламасы сынақтан өткізіледі

2025 жылы елімізде мектептегі дене шынықтыру пәнінің жаңа бағдарламасы сынақтан өтеді. Бағдарлама инклюзия негізіне назар аудара отырып әзірленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: dzen.ru

Мәліметтерге сенсек, бұл туралы Алматыда дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған оқыту семинарында белгілі болды. Жиынға оқу ағарту министрлігі мен ЮНЕСКО өкілдері де қатысты. Балаларды дене шынықтыру сабағына ынталандыру үшін мектептердің материалдық қорын жаңарту қажет екенін айтылды.

ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің сектор меңгерушісі Мақсат Байбеков "Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі" жобасы аясында осындай 500-ден астам кездесулер өткенін атап өтті.

"Іс-шараның басты мақсаты – ЮНЕСКО стандарттарына сәйкес мұғалімдердің әлеуетін арттыру. ЮНЕСКО Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы. Біз үшін спорт пен дене шынықтыру басты басымдық ретінде саналу қажет. Өйткені ұлт болашағы дені сау, мақсатты, белсенді жастарға байланысты екенін түсінеміз", – деді Мақсат Байбеков.

Еске салайық, бұған дейін сенат депутаты Евгений Больгерт премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында мектеп бағдарламасына "Қаржы сауаты" пәнін енгізуді ұсынды. Депутаттың сөзінше, елімізде интернет алаяқтығы – қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі және жалпы қылмыс деңгейінің 15%-ына тең. Кейінгі жеті жылда Қазақстанда интернет алаяқтық фактілері он есе өсті.
04 қараша 2024 ж. 154 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930