Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кальянға толық тыйым салынуы мүмкін бе? Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Кальянға толық тыйым салынуы мүмкін бе? Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

фото: gov.kz
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда кальяндарды сату мен шегуге толық тыйым салу мүмкіндігі туралы айтты деп, хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауапта Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда кальян сатуға тыйым салу мәселесі талқыланып жатқанын айтқан.

«Кальяндардың кеңінен пайдаланылуына байланысты реттеуді күшейту қажеттілігі туындады. Кальян табағы мен кальян қоспасын (сату мен тұтыну) реттеуді күшейту мәселесі, сондай-ақ оларды тұтынуды төмендету бойынша профилактикалық шаралар талқылануда», - делінген министрліктің жауап хатында.

Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуге заңмен тыйым салынған. Дегенмен, кальяндардың сатылуына тыйым жоқ, яғни кәсіпорындар кальяндарды сатуға құқылы, бірақ оларды тек жеке тұрғын үйлерде шегуге болады.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеушілік әсерге талдау (РӘТ) жүргізу қажет. Заңнамаға енгізілетін норма жобасы, мемлекеттік реттеуші органның анықтамасы, айыппұл мөлшерін өзгерту қажеттілігі қарастырылады. РӘТ аяқталғаннан кейін бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өтеді», - деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда кальянға толық тыйым салу мәселесін талқылап жатқанын мәлімдеді. Министрлік өкілдерінің пікірінше, қазақстандықтар айыппұлдардың жеткіліксіз болуына байланысты кальян шегуге тыйым салатын заңды сақтамайды.
03 қараша 2024 ж. 303 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031