Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көшеде темекі шегуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда көшеде темекі шегуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда көшеде темекі шегуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы блогер Денис Кривошеев Facebook желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазіргі таңда Қазақстанда көшеде шылым тартуға рұқсат. Табак өнімдерін "Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу" бабында көрсетілген белгілі бір жерлерде тұтынуға тыйым салынған. Олардың қатарында білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда, мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде, поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде, әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында, әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда темекі тартуға тыйым салынғаны айтылған.
Алайда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" кодекстің жаңа редакциясында табак өнімдерін тұтынуға жалпы қоғамдық орындарда тыйым салу ұсынылған. "Табак өнімдерін қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салынады", - делінген кодекстің ұсынылып отырған жаңа редакциясында. Заң жобасындағы осы тұсына заңгер Сергей Уткин таңғалып отыр. "Көше дегеніміз қоғамдық орын. Жаңа кодекс жобасында осылай жазар болса, онда қалған пункттерін алып тастауға да болады. Себебі аталғанның бәрі қоғамдық орын саналады. Қоғамдық орынға, мәселен, баспана мен пәтер жатпайды. Қазір қоғамдық орынның нақты анықтамасы жоқ", - дейді ол. Заңгердің пайымдауынша, қазіргі редакцияға өзгерістер енгізілмейді. Немесе қоғамдық орын дегеніміз не екеніне анықтама беру керек, сөйтіп, қалғанынының бәрін алып тастасын немесе бұрынғыдай қалдырсын деген ойда заңгер. "Меніңше, темекі шегуге барлық жерде тыйым салу дұрыс емес. Өзім шекпеймін және көшеде шегіп жүретіндер маған еш кедергі келтірмейді. Ал автобус, подъезд, әжетхана секілді орындар болса бір жөн. Көшеде темекіге тыйым салудың қажеті жоқ деп ойлаймын", - деді ол.
tengrinews.kz​​​

14 қыркүйек 2018 ж. 2 080 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930