Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан шекарасында 57 шетелдік ұсталды

Қазақстан шекарасында 57 шетелдік ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазан айында мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып өтудің 1435 әрекетін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан шекарасында 57 шетелдік ұсталды
Фото: Ашық дереккөз
ҰҚК мәліметінше, шекара кеңістігінде 4 640 заң бұзушы ұсталған, оның ішінде: 27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін; 30 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.
«Шекара арқылы 1 435 заңсыз алып өту фактісінің алдын алынды, оның ішінде: 41 факті – есірткі заты; 91 факті – ату қаруы мен оқ-дәрі (1 дана атыс, 3 дана газды және 25 дана суық қару, 123 дана оқ-дәрі, 41 дана электрошокер); 23 факті – діни әдебиет (2 001 дана); 459 факті – жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (43 000 литрден астам); 616 факті – жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауары (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 млрд теңгеге жуық, темекі бұйымдары 377 млн теңгеден астам); 204 факті – жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам шетел валютасы», делінген хабарламада.
Сонымен қатар Каспий акваториясында 57 браконьерлік фактісінің жолы кесілгені атап өтілді.
«Сондай-ақ: 31 дана – жүзу құралы; 70 км тор – браконьерлік аулау құралы;299 дана (1 765,1 кг) – бекіре тұқымдас балық; 904 дана (2 165 кг) – таза тұқымдас балық; 13 дана – итбалық. Алдын алынған залал сомасы шамамен 671 млн теңгені құрады», деп хабарлады ҰҚК.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілген.

Айта кетейік, мемлекеттік шекарада қандай-да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
01 қараша 2024 ж. 88 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 63

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930