Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 54 мыңнан астам қыз бала папиллома вирусына қарсы вакцина алды

Елімізде 54 мыңнан астам қыз бала папиллома вирусына қарсы вакцина алды

Фото: © istockphoto.com
Бүгінгі таңда елімізде адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинамен 11-13 жас аралығындағы 54,5 мыңнан астам қыз егілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазан айының басынан бастап республикада әр жерде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізілуде. Сондай-ақ 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған толтыру иммундауы жүргізілуде.
«Өңірлердің арасында АПВ-ға қарсы вакцинациялау бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, онда 11,1 мыңнан астам қыз егілді, Шымкент қаласында 5,3 мыңнан астам оқушы, Қарағанды облысында 4,3 мыңнан астам, Жамбыл облысында 4 мыңнан астам, Астанада 3,7 мыңнан астам қыз вакцинацияланды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, вакцинацияланғандардың арасында иммундаудан кейін кері әсер берген жағдайлар тіркелген жоқ.
АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуына жол бермейді.
Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдердің арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші және фертилдік жастағы (25-44 жас) әйелдердің сүт безі обырынан кейінгі өлімінің екінші себебі болып табылады.
01 қараша 2024 ж. 146 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930