Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Татуласу рәсімдері

Татуласу рәсімдері

Сот тәртібінде қарауға жататын даулардың санын азайтып, оларды шешудің баламалы тәсілдерін, оның ішінде бітімгершілік рәсімдерін қолдану адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бастамасымен Республиканың барлық соттарында «Сотқа дейін, сотта татуласу» төңірегінде пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жоба бітімгершілік рәсімдердің қолдану аясын кеңейтіп, істерді қарау мен шешуде тараптардың уақытын және қаржылай шығынын үнемдеу, сот жүктемесін азайту мақсатында іске асырылуда. Бітімгершілік рәсімдері мұрагерлік, некені бұзу, мүліктік даулар бойынша, тұрғын үйді ұстауға байланысты шығындарды, банктік несие бойынша берешекті өндіру, сондай-ақ, кейбір еңбек даулары және басқа да санаттағы даулар бойынша қолданылады.
Осы пилоттық жоба аясында, сот медиациясы да жүзеге асырылуда. Яғни, бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судья екі тарапқа да тәуелсіз, бейтарап тұлға және сот медияцясын өткізу - ол медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялылық, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келуі қағидалары негізінде іске асырылады.
Бітімгершілік қағидаттарына келсек, ол - еріктілік, тараптардың тең құқылығы, тәуелсіздігі және келісім шарттарының құпиялылығы пен заң талаптарына сай болуы. Тараптардың дауды /жанжалды/ татуласу рәсімі арқылы реттеуінің тағы да бір оң жағы – олар өзірі келісімінде талап шегінен шығуға қүқылы, ал, сот тәртібімен қарау барысында, талап қою арызы қойылған талап шегінде ғана қаралады.
Егер, осы кезге дейін татуласу рәсімдері тек кейбір санаттағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша жүзеге асырылған болса, қазіргі таңда, 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігі әкімшілік құқық бұзушыға да тиесілі.
Аталған заңмен отбасы - тұрмыстық қатынастар аясындағы, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып - соғу төңірегіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша медиацияны қолдану мүмкіндігі туды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 64-бабы «1-1 бөлігімен» толықтырылып, егер осы кодекстің 73, 73-1 немесе 73-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдар жәбірленушілермен, арыз берушімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірген зиянды өтесе, олар әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Сонымен қатар, осы кодекске енгізілген өзгертулер мен толықтырулар отбасы құндылықтарын нығайтуды, отбасы мүшелерінің немесе туыстардың бір-біріне деген оң қарым-қатынасын сақтауды, медиация арқылы татулыққа шақыру мүмкіндіктерін көздейді. Яғни, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы жасалған әрекеттер, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер үшін жауаптылық жеңілдеп, құқық бұзушыға баламалы жаза енгізілді. Оларға ескерту жасау, не он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазалары қарастырылған.
Бұрын бабаларымыз екі жақты татуластыру үшін Билердің көмегіне жүгінген.
Осы тұрғыда Республика соттарының бастамасымен әр аймақта Билер кеңесі құрылып, медиация кабинеттері ашылып, сонымен қатар, некеден ажырасу фактілері де азаймай тұруына байланысты, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жанұя кеңесі де жұмыс жасауда.
Демек, туындаған дауды татуластыру арқылы шешу мәселесі кеңінен қолданылып отыр деген сөз.
Е.Амангелді,
Қазалы аудандық сотының бас маманы-
сот отырысының хатшысы



30 қазан 2024 ж. 114 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930