Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот ұйғарымымен тараптар арасында татуласу келісімі бекітілді

Сот ұйғарымымен тараптар арасында татуласу келісімі бекітілді

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның талабы бойынша, жауапкерлер К. және жеке кәсіпкерлер Ф.-дан несие қарызын, кепілде тұрған мүліктен өндіру туралы азаматтық ісі бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.
Талап арызға сәйкес, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы және жауапкер К. арасында қаржылай қолдау шарты жасалған. Осы шарт негізінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы төлем және қайтарым шартына сәйкес жауапкер К.-ге 10 бас жылқы сатып алу үшін 3 000 000 теңге көлемінде несие берген. Жауапкер К. өзіне тиесілі тұрғын үйді кепілге қойған.
Сот отырысында тараптардың арасында дауды татуласу келісіммен реттеу туралы өтінішхаттары түсті.
Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітілді, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
31 мамыр 2018 ж. 1 709 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды