Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өлім жазасын алып тастау ескертпесіз қабылдануы керек – президент

Өлім жазасын алып тастау ескертпесіз қабылдануы керек – президент

Қазақстан соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін кінәлі деп танылғаннан кейін, соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын қалдырды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасын алып тастау туралы заң қандай да бір ескертпесіз қабылдануы керек деп санайды. Бұл туралы ол ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Қазақстан өлім жазасын жоюға бағытталған маңызды актілердің бірі – екінші факультативтік хаттамаға қосылды. Оны Қазақстан биыл қаңтарда ескертпемен ратификациялаған еді. Ескертпеге сәйкес, Қазақстан соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін кінәлі деп танылғаннан кейін, соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырды.

Ал жуырда мәжіліс Қылмыстық кодексті хаттама мен оған жасалған ескертпеге сәйкес келтіруге бағытталған заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 13 бабынан алынып тасталса, 4 бабында сақталады.

"Біздің құқыққорғаушылар арасында осы тақырып төңірегінде пікірталас көбейді. Олар әзірленіп жатқан заң жобасы екіұшты екенін және өлім жазасын бірқатар ескертпемен алып тастауды көздейтінін айтуда. Құқыққорғаушылар мәселені дұрыс көтеріп отыр деп санаймын. Өлім жазасын алып тастау қандай да бір ескертпесіз қабылдануы керек", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында.

Ол парламент президент позициясына және қоғамдық кеңес мүшелерінің сөзіне құлақ асады деген сенімін білдірді.

16 қараша 2021 ж. 269 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031