Биыл заңсыз айналымнан 19 тоннадан астам әртүрлі есірткі заттары алынды
Фото: ШҚО Полиция департаменті
Биыл заңсыз айналымнан 19 тоннадан астам әртүрлі есірткі заттары алынды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің жауабында айтылған.
«Осы жылдың басынан ішкі істер органдары есірткіге қатысты 6 279 құқық бұзушылықты анықтады. Заңсыз айналымнан 19 тонна 261 келі (2023 жылы – 31 тонна 925 келі) әртүрлі есірткі, оның ішінде 1 келі 601 грамм (62 келі) героин, 4 тонна 787 келі (5 тонна 314 келі) марихуана, 515 келі (418 келі) гашиш, 431,4 келі (241 келі) синтетикалық есірткі алынды. 48 есірткі зертханасының қызметі жойылды. Оның ішінде: синтетикалық препараттарды өндіретін 30 зертхана мен 18 фитозертхана бар. 226 келі тұтынуға дайын синтетикалық препарат, 2 тонна 487 келі прекурсор, 72,1 келі каннабис тұқымдас есірткі алынды», - деп атап өтеді министр.
Оның айтуынша, практикалық жұмыстармен қатар әртүрлі құқықтық тетіктер де жетілдіріліп жатыр. Қылмыстың қауіпті түрлеріне есірткіні тұтынуға итермелеу және Интернет арқылы сату жатады. Оларды жасағаны үшін 3 жылдан 15 жылға дейін, ал кейбір жағдайларда өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Есірткілерді насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін 3 жылдан 6 жылға дейін жазалаумен қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
«Биыл 2,9 мыңнан астам есірткі сайты бұғатталды. Интернет арқылы есірткі сатудың 503 фактісі анықталды. Бұл ретте «қатардағы жасырушылар» (292 адам) ғана емес, есірткі бизнесінің ұйымдастырушылары да әшкереленеді. Бұл - әкімшілер, операторлар, «салушылар» және «буып-түюшілер». Осындай 65 адам ұсталды. «Telegram» өкілдерімен өзара іс-қимыл орнатылды. Нәтижесінде 1,5 мыңнан астам құқыққа қайшы контент объекті, оның ішінде 30 «интернет-дүкенінің» 670 резервтік шынылы алаңдары жойылды. Есірткіні жарнамалау және насихаттау фактілері бойынша 191 (51) сотқа дейінгі өндіріс қозғалды. OLX сайтымен меморандум жасалды. Енді оның қызметкерлері күдікті жарнамаларды өздері анықтап, бұғаттайды», - деді Ержан Сәденов.
Бұған дейін есірткі қылмысын жасағаны үшін 4 293 адам жазасын түрмеде өтеп жатқанын жазған едік.