Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл есірткі сатқан 440 сайт анықталды

Биыл есірткі сатқан 440 сайт анықталды

Полиция барлығы 422 келі есірткі тәркілеген, әрі 7 зертхананың көзін жойған. Жыл басынан бері Қазақстанда есірткі сатқан 440 сайт анықталып, бұғаттауға жіберілді. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, интернетте есірткі сату дерегін анықтау үшін "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі іске қосылған. "...Жыл басынан бері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 440 интернет-ресурс, оның ішінде 150-ден аса Telegram-канал анықталып, бұғаттауға жіберілді", – деді Бақытжан Әмірханов. Сондай-ақ ол биыл елдегі танымал порталдардың бірінде 50-ден аса хабарландыру алынып тасталғанын атап өтті. Ондағы жұмыс курьер деп жазылғанымен жұмыс іздеген адамға есірткі тасымалдау ұсынылған. 2022 жылғы қаңтар-ақпанда Ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтаған. Оның ішінде 248 дерек есірткі сату, 85 дерек аса ірі көлемде есірткі сақтаумен байланысты. "Жыл басынан бері 7 есірткі зертханасы жойылды. Барлығы 422 келі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 196 келі гашиши, 213 келі марихуана, шамамен 40 келі синтетикалық есірткі", – деді басқарма басшысы.

28 наурыз 2022 ж. 730 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 198

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 184

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930