Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялықтар "Таза бейсенбі" экологиялық акциясына белсенді қатысты

Партиялықтар "Таза бейсенбі" экологиялық акциясына белсенді қатысты


25 қазан - Республика күні қарсаңында бүгін аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағында партияның «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі іске бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, депутаттар, жас еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысып, тазалық жұмыстары кең көлемде жүргізілді.

60-тан аса адам қатысқан кезекті бейсенбіде партиялықтар өздеріне белгіленген орындарда қураған ағаштарды кесіп, арамшөптерді шабып, қоқыстардан тазартты. «Тазалық — денсаулық кепілі» деген ұстаныммен өткен іс-шарада саябақ іші жалпы 1 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды.

«Экологиялық мәдениетті және рухани тәрбиені қалыптастыруға бағытталған бұл шараның маңыздылығы өте жоғары. Күн сайын көркейіп келе жатқан ауданымыздың ажары оның тазалығына да тікелей байланысты. Сондықтан да тазалық – қоғамдағы маңызы зор мәселе болып табылады. Қоршаған ортаны таза ұстаумен қоса, біз өзіміздің және кейінгі ұрпақтың денсаулығы дұрыс болуына жағдай жасаймыз. Қоғам үшін пайдасы зор осынау істі әрбір жан азаматтық борышы деп санауы керек», - деді «Орталық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Совет Бабанаев.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық бастамасы аясында елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

#AMANAT
24 қазан 2024 ж. 16 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930