Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманаттықтар "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді

Аманаттықтар "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді


Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы экологиялық жағдайды жақсартуға және тазалықты сақтауға бағытталған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады.

Осыған сәйкес бүгін Әйтеке би кентінің З.Шүкіров көшесінің бойына, яғни «Орыс қорымы» аумағының артына тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі іске 50-ден аса партия мүшесі, атап айтқанда партия филиалына қарасты «Қазалы Келешек», «Көлік» бастауыш партия ұйымының мүшелері, партия филиалының қызметкерлері мен «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қатысты.

Қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне басымдық берген аманаттықтар аталған аумақтағы ретсіз қоқыстарды жинап, шығару секілді бірқатар жұмыстарды атқарды.

Партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев қоршаған ортаның тазалығы баршаға ортақ іс екенін, «Таза бейсенбі» партиялық жобасы жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейтінін атап өтті. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына атсалысқан партиялықтарға шынайы ризашылығын білдірді.

#AMANAT
06 маусым 2024 ж. 192 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 202

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930