Халық қалаулысы көшпелі қабылдау өткізді
№13 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов Аранды ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау жасап, тұрғындардың өтініштерін тыңдады.
Жергілікті сайлаушылар Қожабақы-Аранды ауылдары арасындағы жолдың жағдайын айтып, ауыл ішілік көшелерді жөндеу, жарықтандыру, жаңадан бұлақ қазу, көзі бітелген бұлақ көздерін ашу сияқты мәселелерді айтты. Сонымен қатар, ауылдағы мәдениет Үйіне қосымша бөлмелер қосу мәселесі қозғалды. Ауылда халық санының көбеюіне байланысты мүмкіндігін ше, медициналық бекетке қосымша маман қарастыру мәселесін көтерді.
Барлық талап-тілектерді тыңдаған халық қалаулысы, туындаған мәселелерді тиісті мекемелерге жеткізіп, бірлесе отырып, жұмыс жасайтындығын атап өтті.
#AMANAT