Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық қалаулысы сайлаушылардың талап-тілектерін тыңдады

Халық қалаулысы сайлаушылардың талап-тілектерін тыңдады

Аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Күншығар Әбілов сайлаушылармен кері байланысты нығайту мақсатында №13 сайлау округіне қарасты бірқатар ауылдарда көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.
Алдымен фракция мүшесі Аранды ауылдық округінде болып, тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелеріне құлақ түрді.
Атап айтқанда жергілікті сайлаушылар ауыл ішілік М.Еселбаева, Т.Емешов, Ә.Махамбетияров және Аранды ауылындағы Н.Қазақбаев көшелерін түнгі жарықтандыру мәселесін көтерді. Сондай-ақ, спорт кешенін салу, балабақшаға ішкі әжетхана орнату, бу қазандығын жөндеу, Ә.Махамбетияров көшесіне қиыршық тас төсеу туралы өтініштерін жеткізді.
Жарықтандыру жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттары дайын екендігін айтқан халық қалаулысы, қаржыландыруды күтіп отқанын тілге тиек етті. Ал ауыл ардагері Т.Махамаштың қаңғыбас иттердің көбейіп кетуіне байланысты өтінішіне сәйкес, заң аясында шешу жолдарын қарастырды.
Осы күні фракция мүшесі Өркендеу ауылдық округінің тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар Ө.Жолмырзаев пен Жанкент көшесінің түнгі жарықтандыру мәселесін алға тартты.
Бүгінде бұл мәселе бойынша депутат тарапынан аудандық мәслихат деңгейінде бірнеше рет көтеріліп, нәтижесінде жобалық сметалық құжаттарын дайындауға қаражат бөлінген.
Сондай-ақ халық қалаулысы жергілікті халықтың спорт кешенін салу, мектеп ғимаратының сыртын жөндеу, жұмыссыздық, денсаулық сақтау саласына қатысты өтініштерін тыңдап, қабылдаудан соң ауылдағы білім беру ұйымдары, емхана, мәдениет Үйінің қысқа дайындық жұмыстарын көрді.
#AMANAT
18 қыркүйек 2023 ж. 240 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 36

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 36

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 39

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 41

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031