Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәслихат депутаты өз сайлау округі бойынша тұрғындармен кездесті

Мәслихат депутаты өз сайлау округі бойынша тұрғындармен кездесті

Апта басында Қазалы аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Күншығар Әбілов №13 сайлау округі бойынша Аранды және Өркендеу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Халық қалаулысы ең алдымен Аранды ауылында болып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Шалғайдағы тұрғындар аяқ-су мәселесі өзекті екенін және ауыл маңынан жаңадан жер асты скважиналары қазылса, малға жайлы жерлер көбейе бертінін алға тартты. Ал қожабақылық сайлаушылармен өткізілген жеке қабылдауда ауылдағы балабақшаның жылу жүйесін жөндеу, спорт кешенін салу, аяқ су үшін насос алу, жастар демалысына тиімді ұйымдастыру сынды ұсыныстар айтылды.

Осы күні мәслихат депутаты Өркендеу ауылдық округінің тұрғындарына да жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда болған ауыл тұрғындары жұмыспен қамту және денсаулығына байланысты өтініштерін айтты. Жалпы кездесулерде айтылған ұсыныс-пікірлер және өтініштер аясында халық қалаулысы алдағы уақытта орындалуына жұмыс жасап, өз бақылауына алатындығын жеткізді.

#AMANAT
14 маусым 2023 ж. 543 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 36

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 30

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 42

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 43

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 44

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031