Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл үздігі – Зарина

Жыл үздігі – Зарина

Туған жерінің мақтанышы, жас спортшы Зарина Толыбай 2008 жылы қазан айының жетінші жұлдызында қасиеті мен киесі артқан, даңқты Жалаңтөс баһадүр ауылында дүниеге келген. Ол еp мінезді, еңбекшіл Өмірбек Жолбарысов пен мейірімі мол, аяулы анасы Жазира Кужебаеваның шаңырағын шаттыққа бөлеген перзент. Зейіні ерекше Зарина марқұм атасы Толыбай мен әжесі Күлпаштің тәрбиесінде болып, ізгі касиеттерді қазыналы қарттар арқылы бойына сіңірді.

Зарина Өмірбеккызы Жалаңтөс баһадүр ауылындағы Қ.Пірімов атындағы №103 мектептің табалдырығын аттап, шәкірт атанды. Үміт пен сенім бар жерде жетістік те болатынын дәлелдей түскен дарынды оқушы алғашқы ұстазы Раушан Жөкейова мен 5-8-сыныптарда Асқар Нұрмағанбетовтен сапалы білім алып, болашағына нық сеніммен қадам басты. Мектепте Қазақстан тарихы пәнін cүйiп оқиды. Кішкентайынан өзінің белсенділігімен, жігерімен көзге түседі. Талантты Заринаның спортқа бейімділігін байқаған алғашқы жаттықтырушысы №18 Казалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімшесінің бас бапкері Руслан Жолбарысов. Зарина Толыбай 8-сыныптан бастап Жалаңтөс баһадүр Сейтқұлұлы атындағы облыстық олимпиада резервіндегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне оқуға қабылданды. Міне, содан бері спортты жанына серік еткен. Қазақстаннан өзге елдерде де бақ сынап, бокстан жүлделі оралып жүр.
Зарина Өмірбекқызы 2019-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысының және 2021 жылы Талдықорған каласында өткен республикалық турнирдің жеңімпазы. 2022 жылы Қостанай каласында еткен Қазақстан Республикасы чемпионатының, Азия чемпионатына іріктеу мақсатында өткен республикалық мықтылар турнирінің жеңімпазы.
Жетістігі мол жас спортшы Толыбай Зарина 2023 жылы Сербия мемлекетінің Сомбор каласында еткен Халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Сербияның Урбан каласында өткен VІІ Халықаралық турнирінің қола медаль иегері. 2024 жылы БАӘ-ның астанасы Абу-Даби қаласында бокс­тан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатының күміс медаль иегері. Зарина Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер. 2024 жылдың «Жыл үздігі» атанып, төсбелгі тақты.
Қабілетті шәкірт бос уақытында көркем кітаптар оқығанды, спорттық бағдар­ламаларды тамашалауды ұнатады. Азия чемпионатының күміс жүлдегері Зарина жеңісті жолын жалғастырып, жеңіс тұғырынан жиі көрінуді армандайды. Зарина қазақ елінің танымал тұлғасы, жоғары дәрежедегі спорт маманы, білікті бапкер болғысы келеді. Жақын жандарына риясыз күлкі мен шынайы бақыт сыйлауды армандайтын өресі биік жасөспірім өзінен кейінгілерге жақсы үлгі болып, ата-анасының сенімін ақтап, спорт саласының дамуына өзіндік үлесін косуды мұратына айналдырып отыр.

Асылхан ТАҢЖАРЫҚ,
№18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері
04 қазан 2024 ж. 4 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031