Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Атыраулық жас шахматшы әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

Атыраулық жас шахматшы әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

Атыраулық жас шахматты қыз әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 5-11 маусымда Грузияның Батуми қаласында шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті.
"Әлемдік додаға 35 мемлекеттен 426 шахматшы қатысты. Қазақстан намысын қорғаған атыраулық жас шахматшы Зарина Нұрғалиева "рапид" және "блиц" түрінен сынға түсті. Ол ойлылар ойының "блиц" бойынша алтын медаль жеңіп алып, үшінші рет әлем чемпионы атанды. Ал, шахматтың "рапид" түрінен күміс медальға ие болды", -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Жасөспірім шахматшы Зарина Нұрғалиеваны Атырау облысының шахматтан аға жаттықтырушысы Сабырбай Ғайсин мен FIDE және халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Жәнібек Аманов жаттықтырады.
Зарина Нұрғалиева 2019 жылы Беларусь Республикасында өткен әлем чемпионатында 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Ал 2021 жылы FIDE ұйымдастырған жылдам шахматтан әлем кубогінде қола жүлдеге ие болған.
Былтыр Румыния елінде жалауы желбіреген шахматтан әлем чемпионатында да Зарина Нұрғалиева классика санатында 14 жасқа дейінгі қыздар арасында үздік ойын көрсетті. Ол 11 кезеңде 9 жинады. Оның бұл жеңісі екінші рет әлем чемпионы атануына даңғыл жол ашты.
12 маусым 2023 ж. 600 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 151

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031