Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 15 қазанда жылу беріледі

Қызылордада 15 қазанда жылу беріледі

Қызылорда қаласында жылу беру маусымы 15 қазанға жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда жылу электр орталығы  мекемесінің «Жылу жүйелері» бөлім басшысы Хасанғали Иманғалиев баяндады.
Жалпы қала бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне барлығы 1621 нысан қосылған. Бүгінгі таңда кәсіпорынның теңгерімінде 23 энергия өндіруші нысан бар.
Қызылорда қаласының жылу желілерінің тозуын азайту мақсатында 6 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында жалпы ұзындағы 9,5 км құрайтын жылу желілері қайта жаңғыртылуда. Сонымен қатар, кәсіпорынның өз қаражаты есебінен ұзындығы 4,3 км кварталаралық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
— Қазіргі таңда магистралдық және кварталаралық жылу құбырларының тығыздығы мен беріктігін сынау үшін  гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілуде. Егер күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10⁰ С және одан төмен немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы болжам болған жағдайда қала әкімінің шешімімен жылу беру маусымы басталады. Биыл жылу беру маусымы 15 қазанға жоспарланып отыр, - деді бөлім басшысы Хасанғали Айғалиұлы.
7a77e879-b894-403b-b211-abd52da91c8e.jpeg
Фото: pixabay.com
kyzylorda-news.kz
03 қазан 2024 ж. 395 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 126

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 121

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930