Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысына 100 мың тонна көмір жеткізілді

Қызылорда облысына 100 мың тонна көмір жеткізілді

Жылу беру Қызылорда қаласында 13 қазанда, ал облысқа қарасты барлық аудандарда 13-16 қазан аралығында басталды. Бүгінде облыс орталығындағы 700 көпқабатты тұрғын үй мен 757 нысан жылуға қосылды. Қалған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылуға қосу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұлов хабарлады.
Жалпы, облыс бойынша 1064 әлеуметтік нысан және 845 орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған барлық көп қабатты тұрғын үйлер толығымен жылумен қамтамасыз етіледі. Жылу беру маусымына 237,7 мың тонна көмір қажет. Оның ішінде, тұрғындарға 205 мың тонна, әлеуметтік нысандар үшін 33 мың тонна. Осыған дейін облысқа 100 мың тонна көмір жеткізілді, - деді Болатбек Әбулхайысұлы.
Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы – 190,02 шақырымды құрайды. Қала бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне барлығы 1537 нысан қосылған.
Қазіргі таңда, қаланы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ндағы бірнеше жылу көздерінің негізгі қондырғылары штаттық режимде жұмыс істеуде, - деді «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директоры Медет Усаин.
17 қазан 2023 ж. 175 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930