Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Халықаралық қарттар күні Қызылордада ерекше аталып өтті

Биыл Халықаралық қарттар күні Қызылордада ерекше аталып өтті

Биыл аймақта қарттар күнін атап өтудің ерекшелігі - іс-шара екі күнді қамтып, 30 қыркүйектен басталды. Іс-шараның бірінші күні Қызылорда қаласы мен барлық ауданнан облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқан әр саланың ардагерлері құрметпен шақыртылып, қаладағы жаңадан бой көтерген және жаңғыртылған нысандармен танысты.
Кеше ардагерлер облыс әкімінің қатысуымен Сол жағалаудағы 900 орындық «Жайлы мектептің», Оқушылар сарайының, үстел теннисі орталығының, сол жақ жағалау №2 шағын ауданындағы 470 пәтерлі 10 тұрғын үйдің ашылу салтанатына қатысты.
– Жыл сайын ардагерлерді қолдау мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, әлеуметтік қолдауға бағытталған шаралар ұйымдастырылуда. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне екі жарым миллион теңгеден және 2000 тыл ардагерлеріне 184 мың теңгеден, жалпы 304,0 млн. теңге жылына бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша 2 мыңнан аса егде жастағы адамдар арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Облыста бірнеше жылдан бері «Сыр мейірімі» жобасы жүзеге асуда. Бұл жобаға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, көмекке мұқтаж 225 жалғызбасты ардагер мен мүмкіндігі шектеулі жандар тегін түскі аспен қамтылуда, - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев.
Облыс әкімінің тікелей қолдауымен және облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлеі Ұлытау өңіріндегі тарихи орындар және Түркістан шахарына саяхаттады. Сонымен қатар биыл 140 зейнеткер Меркі,Сарыағаш, Манкент, Жаңақорған шипажайларында тынығуға мүмкіндік алды.
брифинг 1.jpg
02 қазан 2024 ж. 72 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 54

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031