Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында соғыс ардагерлеріне 2,5 миллион теңгеден беріледі

Қызылорда облысында соғыс ардагерлеріне 2,5 миллион теңгеден беріледі

Жеңіс күніне орай қызылордалық соғыс ардагерлеріне 2,5 миллион теңгеден беріледі.
Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мамыр айындағы мерекелерді атап өту мәселелерін талқыланған мәжілісте айтты.
«Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 2,5 млн. теңге көлемінде төлем төлеу туралы шешім қабылданды. Бұл – біздің аға ұрпақ алдындағы парызымыз. Бүгінгі бейбіт өмірімізге қан кешіп жүріп жеткізген жандардың ерлігіне қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Өткен жылы қарт майдангерлерге 1 үй, 1 көлік, сонымен бірге 1,5 млн. теңгеден табысталған еді. Биыл да бір ардагерге Қызылорда қаласынан үй берілді. Бұдан да басқа демеушілер есебінен ақшалай және материалдық көмек көрсетіледі. Қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары мерекені атап өтудің жоспарына енген іс-шараларды сапалы әрі мәнді етіп ұйымдастыруы тиіс», – деді аймақ басшысы.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірдегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ең үлкені 102 жаста. Қызылорда қаласы, Қазалы және Сырдария ауданының әкімдіктері Жеңіс күні қарсаңында төлемдерді аудару бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда.
Ардагерлер 2,5 миллион теңге ( 2 510 560 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алады.
Қызылорда облысында 2040-тан астам тыл еңбеккері бар, олардың біреуі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің 7 жесірі, соғыс кезінде жараланған, контузия алып, мертіккен немесе ауру салдарынан қаза тапқан мүгедек жұбайы не зайыбы бар 4 адам тұрады. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және соғыс кезінде алған жарақат салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілгендер саны 1894-ті құрайды.
Аймақта осы санаттағы 3964 адам тұрады. Олардың барлығы 147 680 теңгеден алады. Сонымен қатар, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккеріне 221 520 теңге төленбек.
Айта кетейік, ардагерлер сәуір айында төлем ала бастайды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

19 сәуір 2024 ж. 301 1

Kory от 7 маусым 2025 19:52
Thanks. Quite a lot of information. casino en ligne fiable Well voiced certainly. . casino en ligne Really lots of very good info. casino en ligne Nicely put, Many thanks! casino en ligne Nicely put, Thanks. casino en ligne France You said it very well.! casino en ligne Cheers. Awesome stuff! casino en ligne Thanks. I like it. casino en ligne francais Incredible all kinds of great facts! casino en ligne francais You revealed this well. casino en ligne fiable

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031