Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауған ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілуде

Ауған ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілуде

Аймақта жыл сайын ауған ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мәселен биыл әр ардагерге 87510 теңге көлемінде қаржы қаралып, 10 ақпаннан бастап төленуде.
Биыл Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына – 32 жыл. Аймақта ауған соғысына қатысқан 592 ардагер бар. Бүгінде олар әртүрлі салада еңбек етеді.
«Ауған ардагерлеріне мемлекет тарапынан ай сайын 17 мың теңге мөлшерінде арнайы жәрдемақы төленіп отыр. Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша қолдау ретінде 2012 жылдан бастап жылына бір рет 30 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Бұған қоса, мүгедек ардагерлерге шипажайға жолдама беріледі», – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікәрімов.
Өңірде 15 ақпан күні Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында «Тағзым алаңы» аллеясында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі және еске алу митингісі ұйымдастырылып, құран бағышталатын болады.
syrboyi.kz

12 ақпан 2021 ж. 2 412 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031